БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыМақтаарал  ауданының     «Ерке Сұлу»  бөбекжай  балабақшасы   жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен — жайы)Түркістан облысы. Мақтаарал ауданы. Атакент кенті.  Көпжасаров көшесі 34 а
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)Ұялы телефон  8778 549 05 42 
8707 8727828 
электронды поштасы  yerkeslu@bk.ru
https://erke-sulu.baqsha.edu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Каржаулова Гулназ Срайловна «Ерке Сұлу» бөбекжай  балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысының шешімі бойынша 2016 жылғы 01 қыркүйек айының  № 61 бұйрықпен тағайындалып, бекітілген.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 16.07.2014 жылы берілген. БИН: 140740013976
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы толон  2022 жылғы 05 желтоқсанында KZ53RVK00042310 хабарлама берілген.  
7Құрылған жылы2015жыл
8Типтік ғимаратЕкі қабатты типтік үлгіде
9Топтар саны8 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі, орыс тілінде 1 топ бар
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:  І ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы – минутпенКіші топ -күні бойы Ортаңғы топ- күні бойы Ересек топ – күні  бойы МАД топ –  күні бойы
14МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны  200 балаға арналған. 25.09.2018  жылы 200 балаға № X.04.X.KZ01VBS00120881  санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша  ғимараты 2 қабатты типтік жобада  заман талабына сай салынған. Балабақша 200  орындық, 8 топ жұмыс жасайды. Әр топ  25 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Cегіз топ жұмыс жасайды. Кіші топтар “Еркетай”, “Радуга”, “Ромашка” Ортаңғы топтар: «Звездочка»,«Балауса», ересек топ :«Алғырлар»,  Мектепалды «Толағай» топтарында тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде “ Солнышко” ересек орыс тобы орыс тілінде тәрбиеленуде.

Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, мед кабинет, асхана ,қойма, бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері  автономды.Су орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейне бақылау камераларымен жабдықталған. 

Бөбекжай балабақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық  кабинетте емшара  бөлмесі,  оқшаулау  бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман  жабдықтармен  жабдықталған.   

Балабақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары, қара ағаш  т.б. жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын  алаңында әр топтың ауласы бөлек ,  балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын  саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған   алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

— Меңгеруші кабинеті;

— Теледидар – 9 дана;

— Компьютер – 4 дана;

— Ноутбук — 2 дана;

— Принтер – 4 дана

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы»,  дамытушы   дағдылар  бойынша  орталықтар жасақталған.